Қырғызстан астанас – Бішкекте жүздеген адам Қытай экспансиясына қарсы Алатау алаңына митингіге шықты. Олар халық бақылауын орнатып, Қытай азаматтарына берілетін визаны қысқартуды, Қытайдан алынған несиені тексеріп, оның негіздемесі мен тиімділігін қарауды, егер негізсіз болса арнайы комиссия оны тексеріп, ақша кімнің қалтасына кеткенін анықтауды талап етіп отыр. Митингішілердің талабын алып, бес адам Жогорку Кенешке кірген. Оларды Жогорку Кенештің вице-спикері Мирлан Бакиров қабылдаған. Қабылдауда болған Аманбол Бабақұлов: «Ол біздің талаптарымыздың жүзеге асуы бойынша жұмыс жасалады және мемлекеттік істің үстнен халық бақылау орнатылады» деді.
Естеріңізге салайық, Бішкекке Қытай саясатына қарсы өтіп жатқан митингі бұл ғана емес. Бұған дейін де екі митинг өткен. Қырғыз президенті Сороонбай Жээнбеков «Қырғыз-Қытай қарым-қатынасын бұзғысы келетіндерге жол берілмейтінін, ол тексеріліп, жазаға тартылады» деп айтқан болатын.