Халықаралық «Қорғас» сауда орталығындағы Қазақстан аумағынан 2017 жылы 7-желтоқсан күні Қытай полициясы Қазақстан азаматы Асқар Азатбекті Ораз атты досымен сөйлесіп тұрған жерінен ұстап алып кеткен, содан бері одан хабар жоқ дейді Асқар Азатбектің туысы Алматы облысы, Жаркент қаласының тұрғыны Гаухар Құрманәлиева. Бұл туралы total.kz жазады.
«Асқар Азатбек менің нағашым. Қытайда туған, 2017 жылы қазан айында Қазақстан азаматтығын алған. Қазақстан территориясынан Қазақстан азаматын қалайша ұстап алып кетеді? Бұл бізге түсініксіз. Ұсталып кеткеннен бері хабар-ошарсыз. Бәлкім оны түрмеге жапқан шығар» депті Г.Құрманәлива.
Асқар Азатбектің туыстары сыртқы істер министрлігіне, «Нұр Отан» партиясына хат жазған. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиярдың айтуынша, Қазақстан Қытай тарапына дипломатиялық нота жіберген, бірақ Қытай әлі күнге жауап бермеген.
«Қытай билігінің ақпаратынша, Асқар Азатбек қос азаматтық ұстап, заң бұзған деген күдікке ілінген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапына қайырылып, Қазақстан дипломатын Асқар Азатбекпен кездестіріп, оның ісін екі ел арасындағы құқықтық көмек туралы келісім аясында қарауға өтініш берген. Алайда, Қытайдан әлі күнге жауап келген жоқ. Асқар Азатбек 27 қазанда Қытай азаматтығынан шығып, сол жылы Қазақстан азаматтығын алған. Қазақстандағы Қытай елшілігі оның паспортын «жарамсыз» деп мөр басқан. А.Азатбек ісі СІМ жіті бақылауында. Қытай тарапымен кездесуде үнемі көтеріліп келеді» дейді А.Смадияров.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024