АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес әлі жалғасып жатыр. АҚШ вице-президенті Майк Пенс Қытайдың «бір белдеу – бір жолы» жобасын сынап, «бағдарламаның сапасы төмен және ол дамушы елдерді қарызға батырады» деп мәлімдеген. Майк Пенс «Қытайдан қарағанда, АҚШ пен демократия жақсы әріптес» деп сыни мәлімдемесін одан әрі түрлендірген.
Ал Қытай – ресми Бейжің АҚШ-тың сынына дереу жауап қатты. ҚХР сыртқы істер министрі Хуа Чуньин «Дамып жатқан елдердің ешқайсысы Қытаймен ынтымақтастықта болғандықтан қарызға батқан жоқ. Керісінше, Қытаймен қарым-қатынаста болу осы елдердің даму деңгейін жоғарылатып, жергілікті халықтың өмір сүру жағдайын жақсартты» дей келіп: «Қытай өзара сыйластық пен өзара пайда негізінде әлемнің бүкіл елімен ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытып жатыр. Осы серіктестікті дамыта отырып, қытайлық тарап әділдік пен шынайылық принциптерін ұстанады» деп мәлімдепті.
Көптеген дамушы елдер Қытайдың көмегіне сүйеніп, экономикалық саясатта көптеген бірлескен жобалар, бағдарламалар аясында жұмыс істейтіні жасырын емес. Қазақстан да сол қатардағы елдердің бірі. Бейжиңнің «Бір белдеу – бір жол» жобасына біздің елде белсене қатысып жатыр. Экономикалық байланыстарға қарамастан, Қазақстан қоғамында қытай үрейі әлі сейілген жоқ. Қытай-Қазақстан қатынасындағы түрлі мәселелерге байланысты қоғамда қарсылықтар болып тұрады. Соған қарамастан, Astana club отырысында Қазақстан президенті Н.Назарбаев «Қытай тарапынан ешқандай қысым жоқтығын» айтқан еді.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024