arasha.kz

Қытай шетелден келетін тауардың 850 ден астам түріне баж салығын төмендетеді

Қытай билігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелден келетін тауардың 850 ден астам түріне баж салығын төмендетеді. Бұл туралы дүйсенбіде ҚХР тариф және салық саясаты бойынша мемлекеттік кеңесі хабарлады.

«Импорт пен шетелден келетін тауарлардың көлемін арттыру мақсатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап 850-ден астам импорт тауарларға баж салығы көлемі өзгеріп, неғұрлым қолайлы жағдай алған елдерден қарағанда тариф төмендеу болады», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, мұндай жеңілдік Қытай тұтынушларының шетел тауарларына сұранысы артуына байланысты жасалып отыр.

Қытайдың Қаржы министрлігі сайтында хабарланғандай, баж салығы азық-түліктің көптеген түріне, өндірістік салаларағы және химиялық өнеркәсіпте, мұнай өнімдері, атап айтқанда авиациялық керосин (с 9% до 0%) және дизель отыны (с 6% до 1%), киім мен кілемдер (с 6% до 5%), өнеркәсіптік, телевизиялық және арнайы жабдықтар, оптикалық құрылғылар мен тракторлардың кей түрі, сонымен қатар электрогенераторларға баж салығын төмендетеді.

Айта кетсек, Қазақстан Қытайға ірі көлемде шикізат, ауылшаруашылығы өнімдерін импорттайды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына қыркүйектегі мемлекеттік сапарында Қазақстан Күн шығыс еліне тасымалдайтын азық-түліктің көлемін арттыру көзделгенін айтқа. Қытай алып нарық екенін тілге тиек еткен презижент Қазақстан соны тиімді пайдалану керек деген.

Қазақстан Қытайға бидай мен ұн, ет пен тұз да жөнелтеді. Мысалы былтыр Қазақстан бұл елге 550 мың тонна астық асырған. «Бұл көрсеткішті 2 млн тоннаға жеткізуге болады», – деді Президент Қытайға сапарында .

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш бойынша мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 5,6 млрд доллар болған. Соның ішінде Қазақстанның Қытайға экспорты 3,3 млрд долларға жетіп, 43% өсімді көрсетті.

Exit mobile version