arasha.kz

Қытай Шыңжаңда 2014 жылдан бері 13 мың «террорист» ұстаған

Қытай билігі 2014 жылдан бері Шыңжаңда 13 мың «террорист» ұстағаны жөнінде Қытай өкіметінің кеңейтілген құжатында айтылған, – деп хабарлайды reuters.

Қытай өкіметінің құжатында 2014 жылдан бері 1588 банды және террорлық топтардың жойылғаны, 12 995 террористің тұтқындалғаны, 2025 жарылғаш зат тәркіленгені және 30 645 адам 4858 заңсыз діни шараларға қатысқаны үшін жазаланып, 345 228 заңсыз діни материалдардың көшірмесі алынғанын айтылған.

БҰҰ-ның сарапшылары Қытайдағы қайта тәрбиелеу орталықтарында миллионға жуық ұйғыр және басқада мұсылмандар отыр деп айтады. Қытай билігінің бұл әрекеті халықаралық қауымдастық тарапынан үнемі сынға ұшырап келеді. Ресми Бейжің болса оны терроризм қаупін сейілтіп, оның алдын алу үшін жасалып жатқан іс дейді.

Exit mobile version