Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршу себебі – вирустың жаңа түрі деп хабарлайды РИА новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.
«Жетінші қаңтар 21:00-гі жағдай <…> нуклеин қышқылы тәсілімен сынақ жүргізгеннен кейін 15 рет растау арқылы анықталғандай бұл коронавирус ауруының жаңа түрі екені дәлелденді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ мамандардың хабарлауынша эпидемиологиялық зерттеу мен аурудың клиникалық танылуын әрмен қарай зерделеу қажет.
Желтоқсанның соңында Ухани қаласында белгісіз пневмония тарағанын айтқан. 5 қаңтарға дейін қалада 59 адам вирусты пневмониямен ауырған, оның жетеуі ауыр жағдайда еді. Қазіргі таңда науқастармен тығыз қарым-қатынста болған 163 адам дәрігерлердің бақылауында.
Науқастардың кейбіруі теңіз өнімдерін сататын жергілікті базарларда істеген. Қаргі уақытта ауру жұқпалы екеніне және қатерлі екеніне дәлел болатын ешқандай жағдай тіркелмеген.
Коронавирус — екі тұқым тармағына жиналған 30-дан астам вирустар тұқымы. Ол 1965 жылы алғаш анықталды. Ол вирус адамдар мен үй жануарларын, құс, доңыз, ірі қара малда болады.