фото: видеодан алынған скриншот
Қытайдан тағы бір қазақ қашып, Қазақстанға пана іздеп келді. Бұл туралы Азаттық жазады.
Азаттық оның Алматы облысы көші-қон полициясына босқын мәртебесін сұрап, арыз жазғанын әрі көші-қон мекемесі оның арызын қабылдағанын жазады.
Қытайдан Қазақстанға жаяу қашып келдім деген этникалық қазақ Бағашар Мәлік Азаттыққа қалай қашып келгенін баяндаған.
«Далаға екі қонып, үшінші күні Нарынқол ауданына жеттім. Күндіз демалып, түнде жүріп отырдым. Демалған кезде ұйықтамауға тырысып, қарағайды тепкілеп, аяқ-қолымды жылытамын. Шыққанда екі бөтелке су мен екі нан алған едім. Бірақ ауылдан көп ұзамай жатып суым мұз болып қатып қалды. Нан да тастай болды. Қармен қарнымды жұбатып отырдым» дейді Бағашар Мәлік.
Оның сөзінше, Қытайға ата-анасына барған. Сол жерде оны полиция ұстап, тергеуге алған. Содан ол 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстанға қарай қашқан. Қазақстанда оны ҰҚК шекара қызметі тергеп, қашып өткен жерлерін видеоға түсірген.
Ол қашып келгенін ешкімге айтпай, Сайрагүл Сауытбай ісінің аяғы қалай боларын күткенін айтады.
Оның айтуынша, 2015 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына көшіп келген. Әйелі Қазақстан азаматтығын алған. Өзі оралман куәлігі мен ықтияр хатпен жүрген.
Алматы облысы көші-қон полициясы Бағашар Мәліктің босқын мәртебесін сұраған арызына 15 күн ішінде жауап бермек.
Бұған дейін Қытайдан қашып келген Сайрагүл Сауытбай Швециядан саяси баспана алып сол жақта тұрып жатыр. Кейін тағы екі қазақтың Қытайдан қашып келгені мәлім болып, оларды ҰҚК тергеу алып, артынша қамаған. Қазір олар Шығыс Қазақстан облысында қамауда.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024