arasha.kz

Қытайдан қашып келген екі қазақтың бірі бұрын да шекара бұзған

ҰҚК шекара қызметі «қазақ-қытай шекарасын кесіп өтіп, Қазақстанға келген» Шыңжаң қазақтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының үстінен сотқа дейін тергеу бастады. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады Азаттық.

Шекара қызметінің хабарлауынша, Әлімұлы мен Мұсаханұлының үстінен сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1 бөлігі, яғни «Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту» бабы бойынша жүріп жатыр.

ҰҚК Мұсаханұлы жылқы ұрлығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен қашып, 2006 жылы 21 маусымда қазақ-қытай шекарасын бұзғанын мәлімдеді. «Сол кезде ол Қытайға қайтарылған» деп мәлімдеді шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметі Әлімұлы мен Мұсаханұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу халықаралық құқықтар мен Қазақстан заңына сай жүріп жатқанын хабарлады.

Exit mobile version