17-қаңтарда Қырғыз астанасы – Бішкектің Ала-Тоо алаңында қытай экспансиясына өткен митингіде «Қытайларды өлтіру керек» деп үндеу тастаған әйел адам екі айға қамауға алынған. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлайды. Агенттіктің жазуынша, белсенді Аманбол Бабақұлов: «Әйелді екі айға тергеу абақтысына қамады. Тергеушілер «онымен қаншалықты деңгейде таныссың?» деп сұрады. Шынымды айтсам, ол әйелді ешқашан көрген емеспін, митингіде қолымнан микрофонды жұлып алып, «қытайларды өлтіру керек» деп айқайлаған, – депті.