1-ші Шығыс округтік әскери соты ер адамды РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес (ірі мүліктік залал келтірген өрт қою) кінәлі деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы басқармасының өкілі Ирина Руснактың айтуынша, сотталған адамның аты-жөні Смольянинов А. В.
Жақында «ОВД-Инфо» жобасында Z белгісі бар бірнеше көлікті өртеген Омбының 45 жастағы тұрғыны Антон Смольянинов қамауға алынғаны туралы айтылған, деп жазды Inbusiness.kz сайты.
Тергеушілердің мәліметінше, Смольянинов 2022 жылдың 7 және 12 қазанында және 7 қарашасында соғысты қолдау белгілері бар көліктерді өртеген. Сондай-ақ ол трансформатор буткасын өртеп жіберді деген күдікпен ұсталған.
Сотталушы өз әрекетін Украинадағы соғысты қолдамайтынымен түсіндірген. Ер адам Ресей басқыншылығын қолдаған қолдаған адамдарға зиян келтіру үшін көліктерін өртеп жіберді.