08-11-19 |
2900 рет қаралған
Заң жобасы: Семей полигоны аумағында туризм қызметі енгізіледі.
Заң жобасы: Семей полигоны аумағында туризм қызметі енгізіледі

Семей ядролық сынақ полигоны туралы арнайы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Энергетика министрлігі дайындаған заң жобасы бойынша бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында арнайы индустриялық аймақ құрылады. Арнайы аймақ оператортының жұмысына 7 жыл ішінде бюджеттен 10 млрд теңге көзделген.

Заң жобасында Семей сынақ полигонының кейбір жерлеріне туристтік қызмет жүргізуде айтылған.

«ССП-ның белгілі бір объектілерінде туристік қызмет жүргізу кезінде Мамандандырылған аймақта белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруды ынталандыру» делінген заң жобасында. Сондай-ақ арнайы мамандандырылыған оператор құрып, оған сынақ полигонына қатысты көптеген жұмыстарды жүргізу өкілеттіліктері де берілмек. Мәселен, оператордың жұмысына полигон ошағына жақын орналасқан Саржал, Долон, Иса, Сарапан ауылдарының экологиясына және Шаған өзеніне бойына экологиялық тексеріс жүргізу кіреді.

Семей сынақ полигоны 1947 жылғы 21 тамызда құрылды. Ауданы шамамен 18300 км2. Полигонды белсенді пайдаланған барлық уақытта оның аумағында жиынтық қуаты 61 мың килотонннан асатын 426 ядролық сынақ өткізілді, бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның Хиросима қаласына тасталған 4,7 мың бомбамен теңбе-тең.

1991 жылғы 29 тамызда сол кездегі президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 жарлығын шығарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.