arasha.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр

Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген. 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Дереккөз:baq.kz

Exit mobile version