Есихидэ Суга Жапонияның жаңа премьер-министрі болды. Бұған дейін оны жақтастары либералды-демократиялық партияның көшбасшысы етіп сайлаған еді. Бұл жайында бүгін Kyodo агенттігі хабарлады. Оның кандидатын Жапония парламенті депутаттарының көпшілігі қолдады. 465 адамның 314-і Есихидэ Сугаға дауыс берді. Үкіметтің жаңа басшысы экономика мен дипломатиялық істер бойынша Синдзо Абэнің саясатын жалғастыратынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, кредиттік-ақша саясатын жұмсарту, дефляцияны төмендету және экономиканы ынталандыру істері. Премьер-министр үкіметтің жаңа құрамын бүгін жариялауы тиіс. 71 жастағы Есихидэ Суга 2012-2020 жылдардың аралығында министрлер кабинетінің бас хатшысы қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кеткен болатын.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024