29-07-18 |
13670 рет қаралған
Жеке мүлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы қорына жарна аударылмайды!.
Жеке мүлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы қорына жарна аударылмайды!

Жеке тұлға үй, көлік сатудан тапқан ақшасының 10 пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті емес. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

Вице-министр өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында кеше тараған ақпаратқа түсіндірме жазған.

Кеше бірқатар БАҚ-та «адамдар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттеледі» деген ақпарат тарап, ол әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова оны жоққа шығарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.