13-03-21 | 19:42
Алматыда әскери ұшақ құлады.
Алматыда әскери ұшақ құлады

Алматыда әскери ұшақ әуежай маңына құлады. Борт ішінде алты адам болған. Төрт адам оқиға орнында көз жұмды. 

Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға 13 наурыз күні тіркелді. 

«Сағат 17.20 шамасында әужайға қонайын деп жатқан Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақпен байланыс үзілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ҚР ҰҚК АН-26 ұшағы құлаған. Әуе кемесінің бортында 6 адам болған» , – деп мәлімдеді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай қону кезінде болды.

Айта кетейік, 13 наурыз – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің құрылған күні. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.