02-12-22 |
Алматы жастары арасында «Alma CUP 2022» қалалық чемпионаты өтеді.
Алматы жастары арасында «Alma CUP 2022» қалалық чемпионаты өтеді

2022 жылдың 8-20 желтоқсан күндері Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен әр түрлі санаттағы Алматы жастары арасында «Alma CUP 2022» қалалық чемпионаты өткізіледі.

Турнир барысында футбол, баскетбол, киберспорт және волейбол спорт түрлері бойынша қаламыздың ең үздік командалары бас сынасатын болады. Жалпы жүлде қоры 4 100 000 тенге.

Іс-шараны мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  халық арасында бұқаралық спортқа қатысушылар санын арттыру, спорт саласының үздік жастарын анықтау.

Іс-шараның міндеттері:

– Қоғамдық санада жастар арасында жетекші орын алатын жастардың имиджін көтеру;

– Қаладағы жас талантты спортшыларды анықтау және танымал ету;

– Жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту;

– Жастар мен жас спортшылардың спорттық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру.

 

«Alma CUP» қалалық чемпионатының өткізілу кестесі

 

Спорт түрі Өтетін орны Өтетін күні Жүлде қоры
1 Чемпионаттың  ашылу салтанаты

(барлық спорт  түрлерінен)

«Достық» әмбебап спорт кешені

 

8-желтоқсан
2 Футбол «Достық» әмбебап спорт кешені 8-9 желтоқсан 2022 1 100 000 тг
3 Баскетбол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешені 12-14 желтоқсан 2022 1 200 000 тг
4 Волейбол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешені 12-14 желтоқсан 2022 1 200 000 тг
5 Киберспорт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешені 9-10 желтоқсан 2022 600 000 тг
6 Чемпионаттың жабылу салтанатты

(барлық спорт  түрлерінен)

20 желтоқсан 2022
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.