arasha.kz

Алматыда «Ресей тыңшысы» ұсталды

Қазақстанда АҚШ-тың сұрауы бойынша «Хакер» журналының бұрынғы бас редакторы және F.A.C.C.T. компаниясының топ-менеджері, ресейлік Никита Кислицын ұсталды. Бұл туралы dalanews.kz сайты жазды.

Ол – киберқауіпсіздікті қамтамсыз ету бағдарламсын жасаушы және Group-IB компаниясының мұрагері. Кислицын 22 маусымда ұсталған.

F.A.C.C.T. компаниясы Кислицынды 10 жыл бұрын журналист болып жүрген кездегі жұмысына қатысты ұстағанын, ал Қазақстанда оны ұстауға ешқандай негіз болмағанын жазады.

Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы Қазақстан билігінен Кислицынды Вашингтонға беруге асықпауын өтінген.

Ресейде Кислицын сырттай қамауға алынған.

2014 жылы АҚШ-тың әділет министрлігі Никита Кислицинды 2012 жылы Formspring әлеуметтік желісінен ұрланған мәліметтерді сатты деп айыптады. Оған жария түрде айып 2020 жылы жарияланды.

Кислицын 2016 жылы Прагада ұсталып, АҚШ-қа экстрадицияланған ресейлік хакер Евгений Никулиннің ісіне қатысты тергеліп жатыр.

Америка соты Никулинді киберқылмыс жасады деген айыппен жеті жылға соттаған.

Кислицин ресейлік хакерге қарсы куәлік беріп, ФБР-ге көмектескені үшін, оның ісі сотқа бармаған. Бірақ АҚШ тергеушілерінің күдігінше, Кислицин Ресейдің арнайы қызметімен де жұмыс істеуі мүмкін.

Кислицин 2006–2012 жылдары ақпараттық қауіпсіздік тақырыбын қозғайтын «Хакер» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2013 жылы Кислицин кибер қауіпсіздік бойынша Илья Сачков негізін қалаған Group-IB компаниясына жұмысқа тұрды.

Сачковтың өзі қазір мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен қамауда отыр. Оның соты 6 шілдеде басталады.

Group-IB ( қазір F.A.C.T.T.) – компьютерлік қауіпсіздік саласындағы компания. Оның клиенттері Сбербанк, «Тинькофф» және Альфа-Банк, «Ростех» секілді ірі компаниялар. Бұл компания арнайы қызмет пен Интерполға да кеңес береді.

Arasha.kz

ФОТО: rtvi.com

Exit mobile version