arasha.kz

«Қоғамдық кеңестер» туралы заңның қолданысқа енгізілгеніне 8 жыл толды

2015 жылғы 2 қарашада қабылданған  «Қоғамдық кеңестер туралы» заң бүгінде еліміздегі  «Әділетті Қазақстанның»» маңызды құралына айнала бастады. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру тәртібін және халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын бұл заң 2013 жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын.

            Заңның 1-бабы бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады. Олар республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады.  Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады. Ал жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады (3-бап). Оның міндеттері:  азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру; орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.      Қоғамдық кеңестер (4-бап) өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады: тәуелсіздік; мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;  автономдық;  дербестік;  жариялылық.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, және жастар жөніндегі комиссия  мүшесі Талғат Жанысбайдың айтуынша, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің үшінші сайланымы 2020 жылы көктемде өткен. Қоғамдық кеңестің әрбір сайыланымының жұмысы 3 жылға созылады. Қоғамдық кеңес қалада болып жатқан барлық жағдайға бір кісідей әсер етіп жатыр. Алматы қалалық қоғамдық кеңесінде 5 комиссия бар. Олар: Коммуналдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия; Құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі комиссия; Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, және жастар жөніндегі комиссия; Экономика, кәсіпкерлік, инвестициялар, цифрландыру және туризм жөніндегі комиссия; Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия. Әрқайсы өз саласына қатысты құзырлы органдардан жылына екі рет арнайы есеп алып отырады.

«Былтыр өзім жатақханаларда арнайы комиссия құрып, олардың студенттерді қабылдауға қаншалықты дайын, дайын еместігіне байланысты біраз мәселелерді көтеріп, оны министрлікке дейін жеткізіп, шешімін  табуға тырыстым. Сондай-ақ Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, және жастар жөніндегі комиссия құрамында қаладағы мәдени шаралардың бюджетін қайта қарап, бірқатар түзетулер енгіздік.  Онда Роза Рымбаеваның кешіне 175 млн теңге, Мұхтар Шахановтың кешіне 22 млн теңге бөлінген екен. Біз соны қарап тоқтаттық», – дейді саясаттанушы және «Құндылық пен тәрбие» қҚоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде Қоғамдық кеңес мүшесі атанған Талғат Сағатұлы. Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, және жастар жөніндегі комиссияның өз ішіндегі Қоғамдық даму комиссиясының жетекшісі ретінде де өз жұмысына сарапшылар мен түрлі мамандарды тартып, әрбір аудандағы қоғамдық бюджеттің орындалуына да бір кісідей атсалысып жүрген оның атқарған жұмысын қала тұрандары әлеуметтік желідегі өз жазбаларынан оқып, бақылап отырады.

          Қолданыстағы заңның 9-бабы бойынша республикалық деңгейдегі  Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны министрліктер, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестерде – он бестен отыз мүшеге дейін;      квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестерде – оннан он бес мүшеге дейін болады.  Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады. Ол адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды. 10-бабы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелігіне: Қазақстасн Республикасының 18  жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. Канидаттың:  Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;  сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Exit mobile version