фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы және қабылданып жатқан шаралар туралы орталық коммуникациялар қызметінде баяндады. Қала әкімінің сөзіне қарағанда, Алматыда эпидемиологиялық жағдай қиын.
6 шілде сағат 10:00 дегі жағдайы бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 6202 адамға жеткен. Инфекцияның күнделікті өсімі 1,1%. Қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 1772 адам жатыр. Оның ішінде 24 адамның халі өте нашар, 349 адам ауыр халде жатыр. Ал 1 264 адам орташа ауыр халде, 135 адамның жағдайы тәуір.
Сондай-ақ орта және ауыр халдегі сырқаттар саны өсуде. Сонымен бірге өкпе қабынуымен ауырғандар саны күрт өсіп жатыр. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда тыныс алу ауруларынан қайтыс болғандар саны 68,6% өскен.