Алматыда апатқа ұшыраған ұшақ бортындағылардың аты-жөні белгілі болды.
Алматыда апатқа ұшыраған ұшақ бортындағылардың аты-жөні белгілі болды

Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ІІМ ақпарат көзінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақта болған 1987 жылы туылған Артем Аширов пен 1996 жылы туған Бақыт Ислямов ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 25 және 34 жастағы әскерилердің өмірімен күресуде.

Ұшақ апатынан қаза болғандар есімі:

  • аға лейтенант Баймұратов Досжан – 43 жаста
  • сержант Евгений Васильков – 34 жаста
  • лейтенант Сағынбаев Мұхтар – 26 жаста
  • майор Барлықбаев Ғабит – 34 жаста

 

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық. ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.