03-04-20 | 13:55
Алматыда екі адамның жағдайы ауыр.
Алматыда екі адамның жағдайы ауыр

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 91 жағдайы тіркелген. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы – ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны. Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі – әйел, біреуі – 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген. Барлық  айыққандар саны – 13, оның ішінде екеуі – бала.
Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.
Екі күндік карантинде 446 адам, үй шаруашылығында – 4411 адам орналастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.