06-05-21 | 11:52
Алматыда екпе салып, денсаулық төлқұжатын алған тұрғын көз жұмды.
Алматыда екпе салып, денсаулық  төлқұжатын алған тұрғын көз жұмды

Бақытжан Нұртазин есімді 42 жастағы Алматы тұрғыны «вакцина алғаннан кейін көз жұмды» деген ақпаратқа қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. Өлім себебіне зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

«1979 жылы туған азамат Б.Нұртазин 12 сәуір күні емханаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған.

21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен», – деді ведомствода.

Марқұмның жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 

«Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады», – деп толықтырды дәрігерлер.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы марқұмның туыстарына көңіл айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk