25-04-20 | 20:17
Алматыда коронавирус жұқтырған 23 адамның халі ауыр.
Алматыда коронавирус жұқтырған 23 адамның халі ауыр

Алматыда тағы 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы қала әкімдігінің telegram каналында хабарланды.

Жалпы науқастардың ішінде бір адамның халі өте ауыр, 23 адамның жағдайы ауыр, 200 адамның денсаулығы орташа ауыр дәрежеде. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

Ал жаңадан инфекция жұқтырған 23 адамның ішінде 17 әйел, 6 ер адам және 6 жасар бала бар. Вирус жұқтыруы жаңадан анықталғандардың арасында ең жасы үлкені – 97 жастағы зейнеткер әже.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 717 адам бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.