Алматыда митинг өтіп жатыр.
Алматыда митинг өтіп жатыр

Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында тіркелмеген Демократиялық партияның митингісі өтіп жатыр.

Митингіде тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай жиналғандар алдында билікті қазақ тілі мәселе мен СБЕР ісіне қатысты сынады. Ол өз сөзінде Тәуелсіздікті қорғау керектігін, қазақ тілінде қызмет алу қылмыспен пара-пар болғанын айтып, Тәуелсіздікті қорғауға келгендерін мәлім етті.

Митинг өтіп жатқан жерде полиция, ОМОН көп. Митинг басталар алында Жанболат Мамай мен оның жақтастарын полиция ұстамақ болған. Мамайды жақтастары полициядан арашалап қалды. Алайда, демпартияның бірнеше жақтасы ұсталғаны хабарланды.

Митингіге прокуратура өкілі полицияның қалқанында тұрып, митингінің заңсыз екенін сондықтан жиналғандарды тарауға шақырды.

фото: vlast.kz/Алмас Қайсар

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.