Алматыда митинг өткізуге берілетін жер белгіленді.
Алматыда митинг өткізуге берілетін жер белгіленді

Алматы қаласы мәслихаты азаматтардың бейбіт жиын өткізуіне арналған екі жер белгіледі. Ол: “Сарыарқа” кинотеатрының артындағы саябақ және “Оңтүстік” саябаяғы (Жароков пен Қожанов көшелерінің қиылысы). Сондай-ақ мәлихат бейбіт жиын, митинг, пикет өткізудің ережесінде бекітпек. Бұл ереже 18 пункттен тұрады.  «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» туралы Алматы қаласы мәслихаты шешімі жобасы ашық үкімет порталында 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Жарияланған құжатқа қарағанда, бейбіт шеру, митинг, пикет өткізгісі келетін ұйымдар мен азаматтар әкімшіліктен рұқсат алуы тиіс. Рұқсат берілген жағдайда белгіленген орындарда өткізілетін митингіде “транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалдық, аудио-бейне) қолдануғасондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ жәбірлейтін сөздерге жол берілмейді” делінген мәслихат шешімінің жобасында.

Естеріңізге салайық, өткенде Алматы қаласы қоғамдық кеңесі құқыққорғаушы Евгений Жовтистің жобасы негізінде дайындалған митингілер туралы жаңа заң жобасын талқылаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.