06-08-20 | 13:58
Алматыда қоғамдық көлікте маскасын дұрыс тақпаған 89 адамды ақылды камералар анықтады.
Алматыда қоғамдық көлікте маскасын дұрыс тақпаған 89 адамды ақылды камералар анықтады

Фото:astana.gov.kz

Алматыда қоғамдық көлікте адамдар арасындағы ара қашықтықтың сақталуы мен маска тағуын қадағалайтын ақылды камералар орнатылған еді, үш күннің ішінде осы камералар 52 адамның бетпердесіз болғанын, 89 адам оны дұрыс кимегенін анықтаған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлайды.

“Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба. «Ақылды» камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады”, -деп жазады Б. Сағынтаев.

Маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл азайтылмақ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.