09-03-21 | 08:07
Алматыда «Әр әйел – жалғызым» шеруі қалай өтті.
Алматыда «Әр әйел – жалғызым» шеруі қалай өтті

Алматыда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні «Феминита», «КазФем», «SVET», «ФемАгора», «ФемСреда» қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеруге шықты.

Бұл еліміздегі феминист белсенділердің биліктің келісімін алып өткізген алғашқы акциясы. Шараға қала әкімдігі 13 ақпанда келісім берген.

Шеру Шевченко көшісінің бойымен М. Ганди ескерткішінен Ш. Уалиханов ескерткішіне дейін жалғасын тапты. 

Іс-шараға жиналғандар әйелдердің тұрмыста және күнделікті өмірде көретін қиыншылықтары мен олардың құқықтарын қорғауды сұрады. Қыз-келіншектерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық бабын күшейтуді сұрады.  

«Феминита» қазақстандық феминистік ұйымының белсендісі Гүлзада Сержанның айтуынша, шеруге үш жүз адам жиналды.

«Дискриминацияға жол жоқ», «Әр әйел – жалғызым!», «Феминизм Қазақстанды құтқарады!», «Әйел құқығы – ел құқығы!», «Қыз бұйым емес», «Тұрмыстағы әлімжеттікке қарсы заң керек!», «Теңдік заман орнайды»- деп ұрандатты шерушілер. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.