02-04-21 | 17:20
Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды.
Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды

Алматы қаласында 31 сауда және ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері ашылатыны хабарланды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Лаура Мырзағали Алматыдағы вакцина егуге болатын сауда орталықтарын атады. 

«Алатау ауданында «Бақорда» сауда-ойын-сауық орталығын қарастырудамыз. Әуезов ауданында – Спутник, Гранд Парк, Мәскеу, Азия паркі. Бостандық ауданында – ADK, Mega Center Алматы, Esentai mall, Форум, Атакент сауда орталықтарында екпе жасата аласыз. Жетісу ауданында – Максима, Мерей, және Адем. Медеу облысында – Достық Плаза, GUM. Түрксіб ауданында – Наурыз сауда орталығы», – деді Лаура Мырзағали.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда алматылықтарға сауда ойын-сауық орталығы мен базарларда екпе жасалатыны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.