16-10-20 | 17:20
Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесі тоналды.
Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесі тоналды

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды. Оқиға 15 қазан күні Сейфуллин және Гоголь көшелерінің қиылысындағы банктің бөлімшесінде болған. Видеода мекемеге баса-көктеп кірген ер адам кассаның шынысын сындырып, қызметкерді қорқытып қомақты соманы алып кетеді. Kaspi Bank баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты мынандай түсініктеме берді:
“Алматыда қаруланған екі тонаушы Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады. Ол кезде бөлімшеде клиенттер болмаған. Жұмыс уақыты аяқталып қалған еді. Тонаушылар алдын ала мәлімет бойынша 2 миллион теңгедей ақшаны қолды еткен»
Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, тонау кезінде қызметкерлер зардап шекпеген. Полиция
қылмыскерлерді шұғыл қолға түсіру үшін арнайы тергеу тобын құрды.
«Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Топтың мақсаты – қылмысты тез арада ашу, күдіктілерді қамауға алу. Жедел іздестіру жұмыстары мен тергеу барысын басшылық өз бақылауына алды», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk