Алматылық полицейдің үйлену тойына қатысты тексеріс басталды.
Алматылық полицейдің үйлену тойына қатысты тексеріс басталды

Алматыда мейрамханаға той жасаған тәртіп сақшасының басы дауға қалды. Той өткізгендер жауапқа тартылады.

Алматы облысының Жаркент қаласында полиция қызметкері карантинге қарамастан мейрамханада той жасады. Желіде тәртіп сақшысының үйлену  тойынан суреттер тарап кетті.   

Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады, оның қорытындысы бойынша қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Факт бойынша жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.