26-03-20 | 23:43
Алматыда коронавирус анықталғандардың бірінің жағдайы ауыр.
Алматыда коронавирус анықталғандардың бірінің жағдайы ауыр

Алматыда коронавирус анықталғандардың бірінің жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туылған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекция анықталған 40 расталған жағдай тіркелген.
Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар, оның ішінде екеуі — бала.

38 пациенттің жай-күйі қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі нашарлаусыз, ауырлығы – орташа дәрежеде. Бір адамның жағдайы ауыр. Ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туылған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты екендігін естеріңізге сала кетейік.

Бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.

Бүгін, 26 наурызда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шығарылды. Ол коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың Қазақстанда алғашқылардың бірі болды. Пациент шет елдерде — еуропалық елдердің бірінде коронавирусты жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда бастан кешірді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті” делінген таратылған ақпаратта.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан бір адам көз жұмды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk