26-09-19 | 14:31
Амандық Баталовтың орынбасары Б.Манзоров пара алды деген күдікпен ұсталды ма?.
Амандық Баталовтың орынбасары Б.Манзоров пара алды деген күдікпен ұсталды ма?

Блоггер, саясаттанушы Ербол Еділов өзінің телеграм каналында: “Бірқатар дереккөздердің ақпаратына қарағанда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров пара алды деген күдікпен ұсталған-мыс” жазады.

Мұндай ақпаратты zhasalash.kz сайты жазып, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкелдің “Бағдат Мәнізоров қызметтік іс-сапарда. Желідегі хабар жайлы естідік. Ол бойынша құзырлы органдарға сұрау саламыз” деген сөзін берген еді. Сайт келтірген дерекке бойынша Бағдат Мәнізоров 2019 жылдың 12 шілде күні  Амандық БАТАЛОВТЫҢ  орынбасары болып тағайындалған. Бағдат САЙЛАНБАЙҰЛЫ мемлекеттік қызметке бизнестен келген. Талдықорғандағы «Шаған» желісінің иесі. Көксу, Ақсу аудандарын басқарған. 2008-2017 жылдары Алматы қаласындағы Алатау ауданының әкімі болған.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.