15-12-20 | 19:22
Амантай қажы: Мұндай депутаттарға ең алдымен орыстар қарғыс айтады.
Амантай қажы: Мұндай депутаттарға ең алдымен орыстар қарғыс айтады

Амантай қажы Ресей мемлекеттік думасының депутаты Никоновтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне пікір білдіріпті. Қажы ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне хабарласып, өз ойын айтқан.

“Горбачев бастаған москвалық шовинистер, империалистер біздің жерге бірнеше рет шағым жасады. Горбачев – жаһандық сатқын. Бұл орыс халқының да, қазақ халқының да, КСРО халықтары достығының да алғашқы жауы. Бұл (Никонов пен Федоровтың мәлімдемелері – ҚазТАГ) Горбачев қарақшыларына сәйкес келеді. Горбачевтің кім екенін сіз өзіңіз білесіз бе? Мен орыс халқын құрметтеймін, Ресей, мен өзім Мәскеуде оқыдым, политехникалық институтты үздік бітірдім, әкем Ресей үшін соғысқан, Смоленск маңында. Бұлар – Ресей империясы деп аталатын неоколониалистік, неофашистік, неоколониалды қалпына келтірушілер. Біздің үкімет неге үнсіз? Көпұлтты Қазақстан, және, ең алдымен, орыстар, мұндай депутаттарға қарғыс айтады” депті Амантай қажы.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Никоновтың Қазақстанға қатысты орыстың бірінші арнасының эфирінде: “Шын мәнінде, Қазақстан аумағы Ресей мен Кеңес Одағының керемет сыйы” деген еді. Бұл сөз әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ақыры сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы уақытша өкіліне нота табыстаған еді. Сондай-ақ Қазақстандағы бірқатар депутаттар да бұл мәселеге үн қатып, Никоновтың айтқанын терістеген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk