21-09-20 | 13:49
Англия тұрғындары Қазақстан олигархын сотқа бермек.
Англия тұрғындары Қазақстан олигархын сотқа бермек

Британиядағы Ист-Хотли тұрғындары қазақстандық олигархты сотқа бермек. Олар жылқы зауытының аумағында 200-ден астам үй салуды жоспарлаған Нұрлан Бизақов елді мекеннің тарихи келбетіне зиян келтіреді деп санайды.
Ұлыбританияның Шығыс Сассекс деп аталатын графствосынан Нұрлан Бизақов 2010 жылы Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Әу баста жергілікті жұрт асыл тұқымды жүйрік өсіретін шаруашылыққа салынған қомақты инвестияны құптаған. Бірақ қазақстандық азаматтың 205 тұрғын үй кешенін салуға алған рұқсаты наразылық тудырды. Олардың айтуынша, жылқы зауытының аумағында құрылыс бастау 12-ші ғасырдан бері келе жатқан елді мекеннің тарихи келбетін бүлдіреді. «Бизақов миллиондаған қаржысын салған соң бәріміз оны құрметтедік. Бірақ мұндай көлемде құрылыс жасау мыңжылдан астам тарихы бар бірегей ауылдың келбетін бұзады», – дейді тұрғындардың бірі.
Forbes журналының мәліметі бойынша, Нұрлан Бизақов Қазақстандағы ең бай деген 50 бизнесменнің қатарында. Ол Қазкоммерцбанк, ШНОС, Нефтебанк, Сүмбе және Қазфосфат сияқты компанияларды басқарған. Ал, Бизақовтың сәйгүліктері Англия жарыстарынан жүлделі орын алып жүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk