08-09-20 | 11:49
Лукашкенко қарсыластарын елден кетіріп жатыр.
Лукашкенко қарсыластарын елден кетіріп жатыр

Беларусь үйлестіру кеңесінің мүшелері Антон Родненков, Иван Кравцов және Мария Колесникова шекаралық бақылаудан өтіп, Украина аумағына өтіп кетті. Бұл жайында Беларусь мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлімдеді.

«18 қыркүйекте, таңғы бес кезінде Антон Родненков, Иван Кравцов және Мария Колесникова «Александровка» бекетінде шекаралық бақылаудан өтіп, Украинаға кетті», – деді Антон Бычковский.

Елдегі биліктің сөзін сөйлейтін мемлекеттік арналар бұл оқиғаға байланысты басқаша хабар таратты. Мәселен, «Беларусь 1» арнасы өзінің телеграм-каналында «Антон Родненков пен Иван Кравцов бүгін түнде қашып кетті» деп мәлімдеді. Тағы бір хабарламада «Олар қазір Украина елінің аумағында. Мария Колесникова елден заңсыз қашпақ болып шекарада ұсталды» деп жазылған. Мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі бұл ақпараттарды растамады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Минскде бейтаныс біреулер Мария Колесникованы «Связь» деген жазуы бар шағын автобусқа салып белгісіз жаққа алып кеткен болатын. Үйлестіру кеңесінің мүшелері Антон Родненков пен Иван Кравцовпен де біраз уақытқа дейін байланыс болмаған еді.

Фото nn.by сайтынан алынған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.