arasha.kz

Абай облысындағы өрт. 125 ерікті көмек көрсетіп жатыр

informburo.kz

фото: informburo.kz

Абай облысы аумағында төртінші күнге созылған өртті сөндіруге Семей қаласынан 125 ерікті көмек көрсетуде.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Жас Қанат, Лидер KZ, ОСА Семей, «КОЛЕЯ» жол талғамайтын көліктер клубы ( 4×4), т.б. Еріктілер күн сайын өрт сөндірушілерге барынша қолдау беруде, азық-түлік, жеке гигиена заттарын әкелуде, сондай-ақ түнгі уақытта тамақтану пункттерінде кезекшілікте көмектерін көрсетуде.

Озерки ауылдық округінде еріктілер дала асханасын ұйымдастырды, онда өрт сөндіруге қатысушыларды 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Озерки ауылының мектебінде еріктілер демалыс орындарын дайындады. Озерки ауылдық округіндегі негізгі гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт – Комсомолская 29 мекен-жайындағы, «Дархан» дүкені.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлік мүшелері 2 100 000 теңге қаражат жинады. 

Қазіргі уақытта 1 000 000 теңгеге бірінші қажеттіліктегі заттар мен азық-түлік сатып алынды. Қаланың эвакуациялық пункттерінде еріктілер тұрақты негізде эвакуацияланған ауылдардың тұрғындарына түрлі көмек көрсетуде. Барлығы 5 тонна азық-түлік, оның ішінде су, сұйық май, ыстық тамақ, жеміс-жидек, сүт өнімдері жеткізілді.

Exit mobile version