Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты Костенко шахтасында өрт шығып, қаза болған кеншілер саны 16 адамға жетті. 31 кенші іздестіріліп жатыр.
Бас прокуратураның хабарлауынша, шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұған дейін де»АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, 5 адам қаза болған еді.