29-01-21 | 07:54
Ақмолада 16 жастағы қыз бала коронавирустан көз жұмды.
Ақмолада 16 жастағы қыз бала коронавирустан көз жұмды

16 жастағы қыз COVID-19 инфекциясы салдарынан көз жұмған Қазақстандағы алғашқы жасөспірім, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Науқас өткен жылдың шілде айында Ақмола облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде өмірмен қоштасқан. Жасөспірім өкпесінің 75%-дан астамы зақымданған.

Марқұм бала кезінен мүгедек болған және көптеген қатар жүретін аурулардан зардап шеккен – Даун синдромы, қант диабеті, семіздік және анемия.

Үйде 10 күн емделгеннен кейін қыз ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ауруханада тоғыз күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі жасаған клиникалық хаттамаға сәйкес емдеді. Құтқарып қалу мүмкін болмады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.