Ақорда Алматыны 7 жыл басқарған Баталовқа желіде алғыс айтты.
Ақорда Алматыны 7 жыл басқарған Баталовқа  желіде алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымындағы жемісті қызметі үшін алғыс айтты. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

24 қарашада мемлекет басшысының жарлығымен Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Баталовтың қызмет жолы

Амандық Баталов 1952 жылы 22 қарашада Өзбекстанның Нөкіс қаласында туған.

1975 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прорабы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті; Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары; Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2008-2014 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2014-2021 жылдар аралығында Алматы облысының әкімі болды.

Бүгін президент жарлығымен бұл қызметке бұған дейін президент көмекшісі болған Қанат Бозымбаев тағайындалды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.