17-05-20 | 13:42
АҚШ ғалымдары коронавирустан қорғайтын дәрі тапқандарын мәлімдеді.
АҚШ ғалымдары коронавирустан қорғайтын дәрі тапқандарын мәлімдеді

фото: sandiegouniontribune.com

АҚШ тағы Sorrento Therapeutics деп аталатын биофармацевтика компаниясының ғалымдары адам ағзасын коронавирустан қорғайтын антидене тапқандарын мәлімдеді. Бұл туралы Fox News хабарлады.

“Бұл дәрі екенін астын сызып айтқымыз келеді. Нақты жұмыс істейтін шешім бар” депті Sorrento Therapeutics комапиясының негізін қалаушы дәрігер Генри Джи (Dr. Henry Ji). Оның айтуынша, егер адам ағзасында вируспен күресетін әрі оны залалсыз ететін антидене  болса, әлеуметтік қашықтық ұғымы ұмытылып, барлық елдердегі карантин режимін алып тастауға болатын көрінеді.

Fox News дереккөзінің хабарына қарағанда, ғалымдар миллиардтаған антиденелерді сұрыптай келе олардың ішінен коронавирусқа әсер ететін жүздеген антидене анықтаған. Жүздеген антиденені сұрыптағанда соның бірі – STI-1499 – адам клеткасын вирус жұқтырудан 100 пайыз қорғауға қауқарлы болып шыққан.

Компания өкілдері вакцинаға қарағанда антиденелермен емдеу тез әрі пайдалы болатынын мәлімдеген.

Сынақтан өткізу әзірше тек лабораторияда ғана жасалған. Компания әзірге препаратты шығаруға рұқсат алмаған.

Қазіргі кезде әлемнің түрлі елдері коронавирусқа әсер ете алатын дәрі, преператтарды іздестіру үсінде. Әзірге инфекцияға қарсы вакцина шығарылған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk