АҚШ-пен біріккен тәліптер мәлімдеме жасады.
АҚШ-пен біріккен тәліптер мәлімдеме жасады

«Талибан» қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада әлемнің барлық елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын мәлімдеді.

«Біз әлемнің барлық елімен, соның ішінде әскерін шығарғаннан кейін АҚШ-пен өзара іс-қимыл және уағдаластықтар шеңберінде жақсы және берік дипломатиялық, экономикалық және саяси қатынастар орнатуға тырысамыз», – делінген Талибан басшысының мұсылман мерекесі Ид әл-Адха (Құрбан айт) қарсаңындағы жолдауында.

Ахундзада бұл қозғалыс Ауғанстандағы саяси жағдайдың тұрақты болғанын қолдайтынын айтты.

Айта кетейік, Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, Қазақстанда «Талибан» қозғалысына тыйым салынған.

Қазір Ауғанстанның үкіметтік күштері мен «Талибан» радикалды қозғалысының мүшелері арасында текетірес жүріп жатыр. Тәліптер ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасауға көшті.

2020 жылдың 12 қыркүйегінде Қатар астанасында Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» арасында бейбіт келіссөздер басталды.

Айта кетсек, 2 шілдеде Bloomberg АҚШ Орталық Азияның үш мемлекеті – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына өз аумақтарында «Талибанға» қарсы күресте Америка армиясына көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюды өтінгенін жазған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.