25-03-20 | 16:07
АҚШ-тан 55 қазақстандық елге қайтарылды.
АҚШ-тан 55 қазақстандық елге қайтарылды
фото: dknews.kz
Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
Бірқатар халықаралық әуерейстердің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. 
Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі Елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшыуын ұйымдастырды. 
Бұған дейін осы бағыт бойынша ҚР 33 азаматы аман-есен елге оралған болатын.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.