Ақтауда базардың 750 шаршы метрі өртеніп кетті (видео).
Ақтауда базардың 750 шаршы метрі өртеніп кетті (видео)

Ақтау қаласындағы “Масат” базарында алапат өрт болды. 22-ші шағын ауданда орналасқан сауда кешенінің 750 шаршы метрі отқа оранды. Тілсіз жаудың салдарынан 17 сауда нүктесі, 14 контейнер және шатыр астындағы 60 орын күлге айналды.
«Тәңсәріден басталған өртті сағат 9.16-да сөндірдік. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі, медицина және апат орталығы, полиция департаменті қатысты. Жүзден астам адам жұмылды», – дейді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk