Ақтаулық дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарды.
Ақтаулық дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарды

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында жатқан екі айлық нәрестенің жағдайы орташа ауыр. Сәбиге ота жасалған.

Бала ауруханаға 9 қаңтарда түскен. Оған «мидағы қан айналымының бұзылуы» (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Екі айлық балада бас миының қабынуы, дислокациялық синдром және І-ІІ деңгейдегі кома тіркелді. 

Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болды. Оған екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы жасалды.

Балалар нейрохирургі Ербол Кенжеваловтың айтуынша, мұндай жағдайда баланы аман алып қалу сирек болады. Осы жолы нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk