Ақтөбеде 5 және 6 жастағы балалар суға батып кетті.
Ақтөбеде 5 және 6 жастағы балалар суға батып кетті

5 және 6 жастағы балалардың денесі Ақтөбе қаласы Бекқұл баба ауылы жанындағы  Жаман Қарғалы өзенінен шығарылды. Балалардың жанында ересектер болмаған.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні тіркелді.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  кезекші бөліміне шұғыл қоңырау кешкі сағат 22:29-да түскен. Құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары өзеннен 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққан. Ал екінші баланың денесін сүңгуірлер су астынан бір сағаттан аса уақыт  іздеді.

«Оқиға орнына жеткен жедел жасақ екінші баланы іздеуге кірісті.  2014 жылы туылған баланың денесі сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтағы 7 метр тереңдіктен табылды. Судан шығарылғанда екі баланың да үстерінде киімдері болмаған. Сондықтан, ата-аналарға сақ болуды ескертеміз. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар»-дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір кешкі уақытта ересектердің қарауынсыз балалардың жағада жүру себептері анықталып жатыр. Жасөспірімдер бір отбасының балалары емес.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 адам суға батып кетті. Оның екеуі бала.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.