Ақтөбелік депутаттармен ауызашарда болған беделді ханымдар да айыппұл төлейді.
Ақтөбелік депутаттармен ауызашарда болған беделді ханымдар да айыппұл төлейді

Ақтөбеде ауызашарға барып, депутаттармен бір дастарханда отырған тағы 15 келіншек айыппұл төлейтін болды. Өңір «қызыл» аймақта тұрған кезде беделді ханымдарға дастархан жайған тамақтану орнының иесі де жауапқа тартылады.

Қалалық мәслихат хатшысы және облыстық мәслихат депутатымен дастархан басында Ақтөбенің кәсіпкер, зиялы әйелдері де бірге отырған. Олар карантиндік шектеу шараларын елемеген. Басқосу өңір «қызыл» аймаққа еніп, экпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған кезде болды. Және дастархан басынан видеолар 23 сәуір күні әлеуметтік желіге тарап кетті.

«Осы түскен материалға сәйкес  ұжымдық ауызашарды өткізіп, қатысқандары үшін  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 15 жеке тұлғаларға хаттама толтырылып, әр қайсына 43755 теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Сонымен қоса, қалған 5 жеке тұлға және ауызашар шарасы  өткізілген қоғамдық тамақтану объектінің жеке кәсіпкері хаттама толтыру үшін шақырылды»,-деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Бастары дауға қалған Ақтөбенің беделді ханымдарының әрқайсысы 43 755 теңге айыппұл төлейтін болды. Осыған дейін ауызашарда жүрген депутаттардың кешірім сұрағанын жаздық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.