18-12-19 |
720 рет қаралған
Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды.
Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

фото: tengrinews.kz

Атырау облысының әкімі болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм каналында жазды.

Ол бұған дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарған. Махамбет Досмұхамбетовтың өмірбаянында көрсетілгендей, ол Атырау облысының тумасы екен. Демек ол туған аймағына Астанадан әкім болып оралды деуге болады. Оның үстіне мамандығы мұнайшы. Көптеген мұнай компанияларында қызмет істеген.

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

  • Туған жылы: 25.12.1960 жыл
  • Туған жері: Атырау облысы
  • Білімі: И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты (1983)
  • Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау
  • Қазақ мемлекеттік заң университеті
  • іскери әкімшілік ету магистрі.

1983-1986 жж. – «Ембімұнай» ӨБ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының геологы.


1986-1987 жж. – «Ембімұнай» ӨБ ОИТҚ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.


1987 ж. сәуірінен бастап – «Ембімұнай» ӨБ ЖИТҚ №1 Балықшы барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.


1987 ж. қарашасынан бастап – «Ембімұнай» ӨБ ЖИТҚ №1 Балықшы барлама бұрғылау басқармасының геологы.


1989-1991 жж. – «Ембімұнай» ӨБ №1 Балықшы барлама бұрғылау экспедициясының 1 санатты геологы, «Ембімұнай» ЖШС «Доссормұнай» мұнай-газ басқармасының геологиялық бөлімінің бастығы.


1991-1994 жж. – «Мақатмұнай» мұнай-газ басқармасының бас геологы, «Мұнай» Кеңес-америкалық бірлескен кәсіпорнының жетекші геологы.


1994-1995 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) бас геологы.


1995-1996 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры.


1996-1997 жж. – «Ес-Бол» ЖШС-ның техникалық мәселелер бойынша директорының орынбасары.


1997 ж. наурызынан бастап – «Ембімұнай» АҚ геологиялық бөлімінің бастығы.


1997-2000 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының техникалық саясат департаментінің бас геологы, мұнай және газ шығару мен тасымалдау департаментінің геология бойынша бас менеджері.


2000-2001 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының мұнай-газ кен орындарын өңдеу және геология департаментінің директоры.


2001-2002 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры.


2002-2003 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ геология және өңдеу департаменті директоры, қолданыстағы келісім-шарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары.


2003-2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ БК-да үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары.


2004-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс-техника сараптамасы департаментінің директоры, геология және өңдеу департаментінің директоры.


2006-2009 жж. – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас геологы.


2009-2012 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас геологы, геология және геофизика бойынша бас директорының орынбасары.


2012-2013 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ геология және әзірлеу бойынша бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі.


2013-2015 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).


2015-2016 жж. – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Геология бойынша басқарушы директоры –бас геологы, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.


2016 ж. тамызынан бастап – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ірі операциялық емес активтар мен теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті.


2016 ж. 11 қарашасынан бастап –Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі.


«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.