
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы үлесінің 49%-ын Қытайдың China General Nuclear Power Corporation еншілес кәсіпорнына шамамен 435 млн АҚШ долларына сатқан. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы хабарлады.
Анықтама берсек, «Орталық» ӨК» ЖШС – Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны. Ал «Орталық» ӨК» ЖШС-на Мыңқұдық және Жалпақ уран кен орындары тиесілі.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы таратқан ақпаратта: «Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады» делінген.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акционерлік капиталының 75% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі, 25% «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымда.
Ал «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі.
-
2023-06-06 17:07:17
-
2023-06-06 11:40:59
-
2023-06-06 11:01:32
-
2023-06-05 23:57:48
-
2023-06-05 16:15:32
-
2023-06-05 11:18:46
-
2023-06-02 13:58:16
-
2023-06-02 12:10:10
-
2023-06-02 11:46:45