09-05-22 |
390 рет қаралған
Путин Украинадағы соғысты нацистерден тазарту деп атап, Ресей жеңетінін айтты.
Путин Украинадағы соғысты нацистерден тазарту деп атап, Ресей жеңетінін айтты

Ресей президенті В.Путин Украинадағы соғыс туған жерді нацистерден тазарту деп атап, соғыс Ресейдің жеңісімен аяқталатынын айтты.

Путин өз жарлығымен Донецк және Луганск халық республикалары деп жариялаған Украинаның сепаратистік аймағындағы Ресей тағайындаған басшыларға арнаған құттықтауында: «Біздің әскерилер өз бабалары секілді нацистерге қарсы иық тірестіріп күресіп жатыр. 1945 жылғыдай жеңіс біз жақта болады»деген Путин.

Сондай-ақ ол Украинадағы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен украин халқына қарата құттықтауында 1945 жылы жеңілгендердің идеялық мұрагерлеріне реванш бермеу керектігін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.