06-06-22 |
520 рет қаралған
Болат Әбілов: Референдум – декорация.
Болат Әбілов: Референдум – декорация

Болат Әбілов, тіркелмеген «Біздің таңдау» партиясының жетекшісі:

– 8 миллионға жуық қазақстандық референдумға қатысты. Шамамен бір жарым миллион сайлаушы қарсы дауыс берді.

Біздің барлығымыз бұл референдум қоғамға нағыз саяси трансформация әкелмейтініне куә боламыз деп ойлаймын. Біздің көп жамалған, көп шайқалған Конституциямызға жаңа түзетулер елеулі реформалар әкелмейді, бірақ халық алдында саяси жүйені демократияландыру мен орталықсыздандырудың елесі жасалып қана қояды.

Президенттің айтуынша, «мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы» ретінде конституциялық реформаны шұғыл түрде ұйымдастыру – мен үшін қанды Қаңтардан кейінгі саяси реформаларға деген халық сұранысына деген жауаптың сыңайы ғана болмақ

Өзгертілген 33 мақала саяси жүйенің түпкі мәнін өзгертпейді:
суперпрезидент Республикасы «мықты парламентпен президенттік» бола отырып, елді нағыз демократиялық реформаларға бастамайды, ол тек декорация ретінде ғана болып қала береді. Біз дәл бұрынғыдай гибридті режимді жүйеге қайта оралмақпыз: сыртқы сипаты декларация жүзінде демократиялық атрибуттардан, саяси құқықтар мен бостандықтардың құралған, ал ішкі сипаты халықтың саяси институттарға деген сенімінің төмендеуіне, саясаттан шешімдер қабылдаудан тыс қалу құбылысына әкеліп соғатын жүйеге тап болмақпыз.

Мен бұл референдумға осылай баға бердім. Тек парламенттік республика ғана қоғамға нағыз серпіліс, нағыз леп бере алады деп есептеймін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.